Таңғы жаттығуды жасау

27 сентября 2021 - Администратор
Таңғы жаттығуды жасау

«Сарыарқа дарыны» ОҒПО ұйымдастырған оқу мекемелерінде оқу сабақтарына дейін таңғы жаттығуды жасау бастамасы Қарағанды машина жасау колледжінде де өз жалғасын тапты. Колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары С.А.Нарботаев пен К.Т.Шораева 1-курс студенттерімен сабақты таңғы жаттығуды жасаудан бастайды. Әрине таңғы сергіту жаттығуларынан кейін студенттердің көңіл-күйлері жоғары, сабаққа деген ынтасы белсенді болғанын байқау қиын емес.

https://www.instagram.com/p/CUMGBtMqVrK/?utm_source=ig_web_copy_link