1-курс студенттері арасында үстел ойындары – дойбы және шахматтан жарыс

8 декабря 2021 - Администратор
1-курс студенттері арасында үстел ойындары – дойбы және шахматтан жарыс

Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны.
Шахмат және дойбы адамды жылдам ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін дамытатынын ескеріп, колледжіміздің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары
К.Т.Шораева және С.А.Нарботаев 8 желтоқсан күні Қарағанды машина жасау колледжінің шаңырағында жоспарға сай 1-курс студенттері арасында үстел ойындары – дойбы және шахматтан жарыс өткізді. Аталған жарысқа білімгер қатысып, өздерінің спортқа деген сүйіспеншіліктерін барынша көрсетті. Жарыс нәтижесінің қорытындысы бойынша, қызу тартыс барысында шахматтан 1-орынға – ТМ-9-21 тобының студенті Керимов Дадалы ие болса, 2-орынды СМК-9-21 тобының студенті Хвостунов Жеңіс, ал 3-орынды –СМК-9-21 тобының студенті Давлетбагин Дамир иеленді.
Дойбы ойынының қорытындысы бойынша 1-орынға – СМК-9-21 тобының студенті Хвостунов Жеңіс ие болып, 2-орынды ТМ-9-21 тобының студенті Романчук Александр, ал 3-орынды – СР-9-21 тобының студенті Тайжигитов Арлан иеленді.
Жүлделі орын алған барлық студенттерге МАҚТАУ қағаздары табысталды.