«Жаратылыс тану пәндерінен» ғылыми сауаттылық апталығы аяқталды

3 марта 2023 - Администратор
«Жаратылыс тану пәндерінен» ғылыми сауаттылық апталығы аяқталды

03.02.2023 жылы Қарағанды машина жасау колледжінде «Жаратылыс тану пәндерінен» ғылыми сауаттылық апталығы аяқталды. Апталық пән мұғалімдері Акпарова Л.М., Коянбаева Р.Ж., Түйтебай Н.Қ., Түркістаны А.Ж. ұйымдастыруымен, жоғары деңгейде қызықты өтті. Барлық бірінші курс студенттері апталыққа қатысып, білімдерін шыңдап, тапқырлықтарымен белсенділік танытып мараматталды.