«Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы

26 февраля 2024 - Администратор
«Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы

2024 жылдың 26 ақпан айында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің» базасында техниалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері арасында 4 бағыт бойынша «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің білім беру процессінде инновациялық ақпараттық технологияларын қолдануының маңыздылығын арттыру. Колледжіміздің үш оқытушысы осы байқада өз күштерін сынап көрді: Омарова Сауле Сайлауовна, сызу пәнінің оқытушысы, Дудник Маргарита Георгиевна мен Оралбай Тансулу Канатовна, арнайы пәндер оқытушылары.Байқауға 50 педагог қатысты. Біздің оқытушыларымыз «Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша жүлделі орындарға ие болып, олжалы болды. Омарова С.С.-1 орынға, Дудник М.Г. мен Оралбай Т.К.-3 орынға ие болыды.